ОНЫҢ ХИКАЯСЫ

Өміріндегі зорлық-зомбылыққа қарсы ашық күресетін сарапшылардың жетекшілігі – бәрімізге ортақ қауіпсіздік мәселелерін шешудің түп негізі.

Өздігінен ұйымдасқан FemAgora төменнен жоғарыға бағытталған бастама ретінде жергілікті сарапшылар мен ұжымдардың мүддесін бірінші орынға қояды. Зорлық-зомбылыққа қарсы ашық күресетін Орталық Азия бастама жетекшілерінің хикаяларын жариялайтын "Оның хикаясы" жобасымен біз "гендерлі зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" жаһандық науқанына қосыламыз. Біздің кейіпкерлер өз тәжірибесі туралы ашық айтады, өз еліндегі әйелдермен және қауымдастықтармен ынтымақтасып, өңіріміздің болашағына баға жетпес үлес қосады.

Біздің өңірде зорлық-зомбылыққа ден қою және дискриминацияға қарсы күрес саласында жұмыс істейтін, өмірлік маңызы бар міндеттер атқаратын және негізгі құжаттарды әзірлейтін жүздеген ұйымдар мен сарапшылар бар. Өміріндегі зорлық-зомбылық туралы ашық айтып, оған қарсы күресетін адамдар қоғамда резонанс тудырып, трансформациялық өзгерістерге түрткі болады. Трансұлттық зерттеулер мен практикалық нұсқаулықтар зорлық-зомбылықты жоюға бағытталған кез келген бағдарлама үшін осындай батыл әрі табанды жетекшіліктің тиімділігін дәлелдеді.

Гендерлі зорлық-зомбылық әркімнің жеке тәжірибесі болғанымен, әлеуметтік мәселе болып табылады. Ол бейбіт уақытта әйелдер, трансгендерлі және бинарлы емес адамдардың арасындағы жарақаттану мен өлім-жітімнің негізгі себебі болып саналады. Бастан кешкен зорлық-зомбылықтың сирек, бірегей оқиға еместігін түсіну қорқынышты жеңіп, адамдармен ынтымақтасуға күш береді. Бұл адам құқығын қорғауға құзыретті құрылымдардың есеп беруінің маңыздылығын да дәлелдейді.

Гендерлі зорлық-зомбылық адам құқықтарының бұзылуы және үкіметаралық деңгейде жаһандық мәселе деп танылды. Зорлық-зомбылықтың бәріне қатысы бар, бірақ шешім қабылдаушы кеңістіктерде ол тәжірибеден өткен адамдар "құрбан" рөлінде немесе жалаң статистикамен сипатталады. Зорлық-зомбылықты түбегейлі жою үшін бізге онымен ашық күресетін және мәселенің жүйелілігін түсінетін сарапшылар көшбасшылығы қажет.

"Оның хикаясы" жобасы FemAgora Central Asia негізін қалаушысы, біздің Лейла Зулейха Махмудованың тәжірибесіне негізделген. Ол бастан кешкен зорлық-зомбылық туралы мәлімдеп қана қоймай, сонымен қатар өз еліндегі, Қазақстандағы жетекші гендерлі сарапшылардың біріне айналды. Оған қоса Лейла сексуалдық және гендерлі зорлық-зомбылыққа қарсы табанды әрі тынымсыз күрес жүргізетін, өз қоғамдастықтарына арнайы қамқорлық, даму және көрінімділігін арттыру кеңістіктерін құрған серіктестерін, жергілікті бастамалардың жетекшілерін түрлі жобаларға тартады. Олар – біздің заманымыздың батырлары, келесі 16 күн бойы олардың хикаяларын бөлісетін боламыз.

Жергілікті феминисттік экожүйелерімізді құруда қазіргі қиындықтарға қарсы ынтымақтастық және өткеннің тарихы мен мәнмәтіндері күрделі болашақтың сабақтастығы қағидаттарына негізделеміз. ФемАгора 29-қараша, 5-желтоқсан және 10-желтоқсан күндері хикая жариялайды.

Латынамерикалық және кариб феминисттерінің Мирабал әпкелерін еске алуға арналған 1981 жылғы Бірінші жиналысында 25-қараша Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күн болып тағайындалды. Енді жарты ғасырдан аса уақыт өткенде біз 25-қараша күні Орталық Азиядан Орталық Американың батырларын еске аламыз. Патриа, Минерва және Мария Тереса әпкелері саяси белсенділер болған. Доминикан Республикасындағы әділдік үшін күресі жолында оларды да, жұбайыларын да қудалап, тұтқынға алған болатын, бірақ әпкелерді ажал ғана тоқтата алды. 25-қараша 1960 жылы оларды жалдамалы кісі өлтірушілер қинап, зорлап, тұншықтырып, жартастан лақтырды.

1991 ж. "Жаһандық Оңтүстік" елдерінің белсенділері бүкіл әлемді жұмылдырып, "зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн" науқанын ұйымдастырды. Бұл науқан екі маңызды күнді қамтиды: 25-қараша, Мирабал әпкелерінің қайтыс болған күні мен 10-желтоқсан, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қабылданған күн. 30 жыл бойы бүкіл жер жүзіндегі белсенділер, ұйымдар мен қауымдар қоғамды ақпараттандыру және адам құқығын қорғауға уәде берген мемлекеттерді зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жоюға шақыру бойынша еңбек етіп жатыр. 1999 ж. БҰҰ-ға мүше елдер БҰҰ Бас Ассамблеясында Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күнін тағайындады.

Науқанға қатысу арқылы біз 16 күннің жоспарын бекітуге, ықпалын күшейтуге, оның дәстүрге айналуына, жылына 365 күн осы уәденің орындалуына салынған күш пен еңбектің көрінімділігін арттыруға өз үлесімізді қосамыз. Келесі 16 күн бойы қиындыққа қарамай, тәуекелге бел буған, өңірдің болашағына баға жетпес үлес қосып жүрген Орталық Азиядан шыққан бірнеше батыл көшбасшының хикаяларын бөлісетін боламыз. Рақмет!